Чемпионат Казахстана по футболу


Футбол бойынша Қазақстан чемпионаты

Кәсіпқойлық футбол лигасы — (регламент бойынша ресми атауы «Премьер-лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты») — қазақстандық футболдың жоғары дивизионы.

Тарихы

Лига 1992 жылы КСРО Футбол одағы екінші лигасының 8-ші зонасының негізінде құрылған. Қазақстандық футбол федерациясы басқарады. Маусым «көктем-күз» жүйесі бойынша өтеді. 2008 жылдың ақпанында ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында жарыстар регламентіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қазақстандық футболдың жоғары дивизионының атауы өзгертілді. Енді ол «Премьер-лига» деп аталады. 2010 жылдан бастап жарыстар 2 кезеңнен тұратын болды. Бірінші кезеңнен кейін командалар әрқайсысы 6 командадан тұратын 2 топқа бөлінді. Бірінші топтағы командалар 1-6 орындар үшін, сондай-ақ чемпион атауы үшін күрессе, екінші топтағылар Премьер-лигадағы орынға күресті. Өйткені, 11-12 орындар бірінші дивизионға шығады. 2011 жылы бұл жүйе сақталып, бірақ болмашы өзгертілді. Енді командалар екі топқа бөлінген соң, әрбір команданың бірінші кезеңде жинаған ұпайлары жартыға (2-ге) бөлінеді. Егер команданың ұпайлары тақ болса, жартыға бөлгенде — артығымен бүтін санға дейін дөңгелектеледі. 2017 жылдан бастап Чемпионат үш айналым болып өткізіледі.Үшінші айналымдағы ойындардың өткізу орны бірінші және екінші айналымдар аяқталғаннан кейін командалардың турнирлік кестедегі орнына сәйкес анықталады.

Еурожүлдеге қатысу

2001 жылдағы чемпионаттан бастап жарыс жүлдегері УЕФА Чемпиондар лигасында ойнауға құқты иемденеді. Қазақстандық клубтардың ең жоғарғы жетістігі — 2015/2016 жылдардағы маусымда Чемпиондар лигасының топтық жарысына қатысуы.

Жеңімпаздар

2018 жылдағы жағдай бойынша, «Астана» және «Қайрат» Қазақстан чемпионатының соңғы алты маусымының (2013—2018 жылдар) жүлдегерлері. «Ақтөбе» рекордшы – 11 жыл (2005—2015 жылдар). Сондай-ақ, медальдар топтамасының иегерлері «Тобол» — 7 жыл (2002—2008 жылдар), «Ертіс» — 5 жыл (1996—2000 жылдар), «Елімай» — 3 жыл (1994—1996 жылдар), «Тараз» — 3 жыл (1995—1997 жылдар), «Есіл-Богатырь» — 3 жыл (1999—2001 жылдар).

Жыл Жеңімпаз 2-орын 3-орын
2018 Астана ФК (Астана) Қайрат ФК (Алматы) Тобыл
2017 Астана ФК (Астана) Қайрат ФК (Алматы) Ордабасы
2016 Астана ФК (Астана) Қайрат ФК (Алматы) Ертіс ФК (Ақтөбе)
2015 Астана ФК (Астана) Қайрат ФК (Алматы) Ақтөбе ФК (Ақтөбе)
2014 Астана ФК (Астана) Ақтөбе ФК (Ақтөбе) Қайрат ФК (Алматы)
2013 Ақтөбе ФК (Ақтөбе) Астана ФК (Астана) Қайрат ФК (Алматы)
2012 Шахтер ФК (Қарағанды) Ертіс ФК (Павлодар) Ақтөбе ФК (Ақтөбе)
2011 Шахтер ФК (Қарағанды) Жетісу ФК (Талдықорған) Ақтөбе ФК (Ақтөбе)
2010 Тобыл ФК (Қостанай) Ақтөбе ФК (Ақтөбе) Ертіс ФК (Павлодар)
2009 Ақтөбе ФК (Ақтобе) Локомотив (Астана) Шахтер (Қарағанды)
2008 Ақтөбе ФК (Ақтобе) Тобыл ФК (Қостанай) Ертіс ФК (Павлодар)
2007 Ақтөбе ФК (Ақтобе) Тобыл ФК (Қостанай) Шахтер (Қарағанды)
2006 Астана ФК (Астана) Ақтөбе ФК (Ақтобе) Тобыл ФК (Қостанай)
2005 Ақтөбе ФК (Ақтобе) Тобыл ФК (Қостанай) Қайрат ФК (Алматы)
2004 Қайрат ФК (Алматы) Ертіс ФК (Павлодар) Тобыл ФК (Қостанай)
2003 Ертіс ФК (Павлодар) Тобыл ФК (Қостанай) Астана ФК (Астана)
2002 Ертіс ФК (Павлодар) Атырау ФК (Атырау) Тобыл ФК (Қостанай)
2001 Жеңіс ФК (Астана) Атырау ФК (Атырау) Есіл - Богатырь (Петропавл)
2000 Жеңіс ФК (Астана) Есіл - Богатырь (Петропавл) Ертіс ФК (Павлодар)
1999 Ертіс ФК (Павлодар) Есіл - Богатырь (Петропавл) Қайрат ФК (Алматы)
1998 Елімай ФК (Семей) Батыр (Екібастұз) Ертіс ФК (Павлодар)
1997 Ертіс ФК (Павлодар) Тараз ФК (Тараз) Қайрат ФК (Алматы)
1996 Тараз ФК (Тараз) Ертіс ФК (Павлодар) Елімай ФК (Семей)
1995 Елімай ФК (Семей) Тараз ФК (Тараз) Шахтер (Қарағанды)
1994 Елімай ФК (Семей) Ертіс ФК (Павлодар) Ордабасы ФК (Шымкент)
1993 Ертіс ФК (Павлодар) Экибастузец (Екібастұз) Горняк (Хромтау)
1992 Қайрат ФК (Алматы) СКИФ-Ордабасы (Шымкент) Ертіс ФК (Павлодар)

Have any Question or Comment?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған